Көшпенділер



Сіз тарихи кинофильмдерді жақсы көресіз бе? Сізге  негізінде шын оқиғалар жатқан драмалық сюжеттер ұнайды ма? Олай болса сізге міндетті түрде Көшпенділер атты биографиялық киноны қарау керек. Фильм XVIII ғасырда қазақ жерінде болған оқиғаларға негізделген. Сюжет ортасында - жоңғар ордасына қарсы қазақтардың бостандық үшін күресі.

Көшпенділер – өз елін мақтаныш еткізетін фильм!

Қазақстандық тарихи кинотаспа – бұл басқа көшпенділер туралы сияқты тек қана ойдан шығарған қызықты сюжет емес. Бұл қазақ елінің шынайы түсірілген өмірі, осында қазақстандықтардың ұлттық сана сезімі қалыптасуының рөлі көрсетілген. Көшпенділер фильмін қарау – қазақ бірлігі мен күш қуаты пайда болған дәуірге барып қайтқан сияқты. Сіз кинотаспаны телеэфирде көрсетіліп жатқан фильмдер арасынан таба аласыз. Порталымыздағы бағдарлама нұсқаулығынан қараңыз, немесе Көшпенділер фильмін онлайн көріңіз.

 

Өмірбаяндық драма 2005 жылы жарық көрді. Киносуретті қазақ, орыс және американдық көрермен тамашалады. Кинофильмнің басты кейіпкері Мансұр деген жас хан, ол өз халқының еркінді үшін күресті жеңіп алу тиіс.

 

Көшпенділер

Күрес, махаббат және көшпенділер өмірінде маңызды тандау

Көшпенділер фильмінің актерлері өткеннің көрнекті тұлғаларын ойнайды. Жоңғарлардың басшысы Голдан Церен, Абылай хан, дана Төле би және Әбілқайыр хан – өз өмірлері және істерімен тарихта із қалдырған тұлғалар.

 

Фильмде тек қана әскери іс-қимылдар көрсетілмеген. Сонымен бірге, лирикалық желі де киносуретке әдемілеп қосылған. Гаухар деген жауынгер қызға Мансұрдың махаббаты жас ханды таңдаудың алдына қояды.  Ол үшін не аса маңызды болады: сезім немесе халықтың бостандығы ма? Сізге ойланбай Көшпенділер фильмін көруді ұсынамыз. Бос уақытыңыз болса, Құмарлықтан ес ауысқандыққа апаратын махаббат туралы ең үздік фильмдерді көруге болады.


Закрытие Олимпиады в Рио и подготовка к ХХХІІ летним играм

Новый сериал о чужих детях: чего ждать от премьеры