Отель Элеон


Жоба жайлы

 «Кухня» телехикаясының көптен күткен спин-офф нұсқасын көре аласыздар. Дегенмен, «Отель Элеон» «Кухнядан» да ауқымды. Бір қуанарлығы, «флагмандық» жобада «Кухнядағы» көрерменнің сүйкімін оятқан ерекшеліктер сақталған. Мұнда жан жадыратар әзіл, динамика, мінезді кейіпкерлер, комедиялық туындыны экшн-ға, авантюраға, детективке айналдырған бірегей хикаялар бар.   


Көрермендердің ендігі назары мейрамхананың ішіндегі өмірге емес, отельдің жасырын, бүркемелі жағындағы өмірге ауады. 

…Виктор Баринов зейнетке кетті, ал Элеонора Андреевна өзінің арманындағы ер азаматты жолықтырды – «Кухняның» алтыншы маусымы осылай аяқталған болатын. Бірақ өмір онымен тоқтаған жоқ. Михаил Джекович әлі күнге «Элеондағы» тәртіпке жауап береді, ал Victor мейрамханасының бас аспазы етіп Сеня тағайындалған. Өмір өз арнасымен ағып жатқан, кенеттен отельдің бастығы болып бұрынғы қожайынның немере інісі Павел деген жүгермек келеді. Павел әпкесінің қатаң талаптарын орындау үшін Брюссельден София Толстой есімді супер менеджерді шақыртады. Жаңа басқарушы келген беттен өз ережелерін енгізеді. Содан бастап «Элеонның» ғана емес, бүкіл кейіпкерлердің бұрынғы тып-тыныш қалыпты өмірі көзден бұлбұлдай ұшып, жоспарлары күл талқан болып, түбегейлі өзгеріске ұшырайды. 


Узнавайте, когда начинается Олимпиада в Рио

«Бауыржан Момышулы» напомнит о трагичности войны