Өшпес махаббат


Жоба жайлы

27 ақпаннан бастап 31 арнадатұсаукесер! Нәзік сезім, қатыгез тағдыр, байлар мен кедейлер әлемініңарасындағы алшақтық, тағдырдың адамға бір рет беретін бағы – біздің арнадағы еңғажайып телехикаяда! Түркиядағы ең танымал, ең көп көрермен жинаған «Өшпес махаббат»(Kara sevda) телехикаясын әлемнің әр түкпіріндегі көрермендер шынайылығы,тазалығы, әділдігі, бірегейлігі және қайталанбас сюжеті үшін бір көргенненұнатқан. Ал бұл таңғажайып туындының басты рөлдерін – қыз біткеннің арманы,жігіттің серісі Бурак Өзчивит пен нәп-нәзік Неслихан Атагүл сомдайды. 27ақпаннан бастап 21.00-де 31 арнада! 

Телехикаяөзгелерге ұқсамайтын сценарийімен ғана емес, детективтік желісімен, ал бәріненбұрын, талантты актерлерімен, кейіпкерлердің сезімін шынайы суреттеуіменкөрерменін өзіне баурап алады. Режиссері – бұған дейін бірнеше мелодраманыңсценарийін жазған Түркияның аты әйгілі режиссері Хилал Сарал.

 «Өшпес махаббат» Түркияның жасыл желеккетолы алқабы, тарихы терең елдің қарапайым халқының, дәулетті әулеттердің өмірсалты, жан тебірентер әуендері мен тамаша әндері көрермендерді тәнтіқылады.  

Бурак Өзчивит «СұлтанСүлеймен» телехикаясында әскер басы Бали Бей, «Сары шымшық» телехикаясындамахаббатқа адал Кямрян болып танылған және «Кішкентай құпиялар. Стамбулсырлары», «Еріксіз күйеу» атты фильмдерде ойнаған. «Өшпес махаббатта» олалғашында кедей шахташы болып, кейіннен басына бақ қонып, дәулетті, табыстыадамға айналған Кемаль есімді жігіттің рөлін сомдайды. 

Тағдыр Кемалға кенеттен тосынсый жасайды. Ол үріп ауызға салғандай Ниханатты сұлу студент қызға ғашық болады. Нихан да оны бір көргеннен ұнатады.Алайда, екі ғашық екі әлемнің өкілі. Бірі – байдың қызы, екіншісі – кедейжігіт. Олардың алдында – үлкен таңдау тұр. Үлкен өмірге қадам басу үшін шешімқабылдауға тиіс. Әйткенмен, тағдырдың тәлкегімен Кемаль ғашығымен айырылысуғамәжбүр болады. Сөйтіп ол өмірден үлкен сабақ алып, сезімін жүрегінің түкпірінежасырып, шахтада жұмыс істеу үшін Зонгулдак қаласына кетіп қалады. Ал Нихандәулетті отбасынан шыққан Эмир атты қатыгез жігітке еріксіз тұрмысқа шығады.Содан бастап Кемаль мен Ниханның жолы екіге айырылады. Бірін-бірі ессіз сүйгенекі ғашық махаббаттан біржола күдер үзгендей болады...

Алайда өмір өз дегеніне көндіреді екен.Кемаль жұмыс істейтін шахтада орын алған апат – оның тағдырын мүлде басқаарнаға бұрып жібереді. Соның арқасында ол танымастай болып өзгеріп, Нихан менЭмирде, өзін тағдырынан қашуға мәжбүр еткен адамдарда кеткен кегін қайтару үшінСтамбулға қайта оралады.

Бұл хикаядан көрермендер адамның бағыбір сәтте жанып, бір сәтте уысынан сусып кетуы мүмкін екенін, әлеуметтіктеңсіздіктің қолыңды жіпсіз байлауы да, күрескер болып қалыптасуға ықпал етуіде мүмкін екенін түсінеді. Тағдыр кез келген бітпеген оқиғаға нүкте қояды.Бейтаныс жан деп жүргенің жақының болып, ал жақыныңды мүлде танымайтын болыпшығуың да ғажап емес.

Махаббат дерті – жүрекке айықпас жара салады. Ол –көзсіз, азапқа толы, алайда мәңгілік таусылмайтын ғажайып сезім. 

 

27 ақпаннан бастап жұмыс күндері 21.00-де 31 арнада! 


После встречи со зрителем: лидеры республиканского проката

Смотрите «Войну и мир» в английской интерпретации