Әйел қырық шырақты



Когда посмотреть "Әйел қырық шырақты" в ближайшее время

В котором часуНа каком канале
Среда, 09:00 КТК
Четверг, 09:00 КТК
Четверг, 20:40 КТК

    «Әйел қырық шырақты»

Бейсенбі, жұма күндері сағат 18:30-да

Қайталауы жексенбіде сағат 18:50-де; дүйсенбіде 15:40-та

Жанры: деректі драма, телехикая

Деректі драма пішімінде түсірілген  «Әйел қырық шырақты» жаңа жоба.  Нәзік жандардың  мықтылығы мен қадір-қасиетіне қатысты айтылған атауы әйелдің қырық жандылығын ашуға тырысады. Жобада өмірде орын алған шынайы оқиғалар жете зерттеліп, қайта құрылып, егжей-тегжейлі көрсетілмек. Адам өмірінде басынан кешкен қайталанбас оқиғаны тіпті қаламы ұшқыр жазушы да ойлап таба алмас.   Шынайы сюжетті өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Жаңа жоба әйел затының түйткілдеріне арналған. Авторлар ең басты   «Бармақтай бақ әр әйелдің басына неге бұйырмайды?» деген сұраққа жауап іздейді. Әйел бақытына апаратын жолды қалай табу керек? Бақытқа лайықты әйелдің бағы неге жанбады?

Алғашқы сериялардың тақырыбы: қалыңдық алып қашу, бедеулік, бәйбіше-тоқал, үй болып бөлек шығу, ата-ене қолында тұру.

Айта кету керек, телехикая дерексіз мылжыңды емес, шынайы дүниені бейнелейді. Ең бастысы – әр әйелдің маңдайына жазылған өз бағы бар, соны ұмытпайық!


Бонда в лице Дэниела Крэйга мы больше не увидим

Казахстанский ФК «Шахтер»: результаты в первенстве РК