Көңілді отбасы



                                     Көңілді отбасы

 

Әр жексенбіде сағат 18:30-да

Қайталауы дүйсенбіде сағат 08:50-те

Жанры: отбасылық- көңіл көтерлік шоу

Демалыс күндері қазақстандық әншілер мен актерлердің үйіне қонаққа барып,  жұлдызды отбасының тұрмыс-тіршілігімен танысып қана қоймай, ел көзінен тыс  қызықты жәйттерді білуге мүмкіндік туды. Жұлдыздың шаңырағына бас сұғып, дастарханынан дәм татып, отбасының тығулы жатқан  фотосуреттерін көруге мүмкіндік бар. Бұндағы «фишка» - жүргізуші. Танымал әртіс Ерболат Төлегенов  ауыл аралап жүрген  Шімән апа  бейнесінде бағдарлама тізгінін қолына алды. Әуесқой әжей жұлдыздың шаңырағын «тінтіп», отағасына жөнсіз сұрақтар қойып, берекелі үйдің «шаңын қағып» тысқа шығарады.

Сыры ақтарылған жайдарлы жанұялардың ішінде  Шахизада, Асхат Тарғын және балуан Ұлан бар. 


Германия – Польша: битва фаворитов группы С

Закрытие Олимпиады в Рио и подготовка к ХХХІІ летним играм