Қыз қылығы



Когда посмотреть "Қыз қылығы" в ближайшее время

В котором часуНа каком канале
Воскресенье, 00:05 КТК

Жексенбі, 18:00

Қылықты  қыздар көрермендеріне жаңа нұсқада жаңа бағдарлама ұсынбақ. Қазақстандағы тек қыздардан құралған жалғыз юморлық тележобаның  көрсетілімдері  езуіңе  күлкі үйірілтер  хикаядан құралған.

«ТВ шоп» айдары. Зейнеттегі қос қария теледидар алдында  күні бойы тапжылмай отырып  бар бағдарламаларды  қарайтыны соншалық, тіпті оларды тележүргізушілер тани бастады. Қос кемпірге қарап, үйдегі әжеңізді, құдағиыңызды, анаңызды еске алуға мүмкіндік бар. Әжелердің пікірлеріне құлақ  түрейік!  

«Суперкелін»  айдарынан бас тартуға дәтіміз бармады. Жасыратыны жоқ, ене мен келіннің тіл табысу мәселесі ең өзекті мәселе! Осы жерде күйеу жігіттің қандай шешім қабылдағаны, бір-бірінен қулығын асырмақ болған  енесі мен келіннің  "зымияндығы" таңдай қақтырады.
 

  
  


«Қыз NEWS» - шым-шытырық оқиғалар! Еліміздегі ең пысық, өсек десе құлағын түре жүретін  тілші керемет   репортаж жүргізбек!  

«Балгер».  Болашақты "болжағыш", ал қалталыларға   балдай өмір "жасап" беретін сәуегей апамыздың көмегіне қыздарымыз жиі жүгінеді.   



Перизат Алпыс

   1987 жылы  Жамбыл облысы Меркі ауданында Перизат есімді сүп-сүйкімді қыз шыр етіп  дүниеге келді. "Атына заты сай болсын" деп жанталасқан ата-анасының еңбегі еш кетпеді.  Перизат  мектепте үздік оқып,  мәдени іс-шараларды қатар алып жүрді. Үш жасынан  қонақтардың алдында ән шырқап, жеті жасында скетч-шоуларға қатыса бастады.  Думандатып жүріп мектепті тәмамдаған соң,  әл- Фараби атындағы ҚазҰУ  журналистика факультетіне түсті. Қолына дипломын алған  Перизат  ел телеарналарының біріндегі «Жұлдыздардан пайдалы кеңес»  таңғы бағдарламасын жүргізуге  білек сыбана кірісті.  Жолы болып, жоба сәтті шықты. 

   Ал  2009 жылы  көңіл көтеретін, әзіл-қалжыңға толы «Қыз қылығы» бағдарламасының іргетасын қалады. «Қылықты қыз болғанға не жетсін» деген ой миын жаулаған  «пері»  қызымыз  бағдарламаның атын қойып, сценариін жазып жіберді. «Шақырған жерден қалмай,  жұртпен етене араласу керек. Айналамызда «қызық» адамдар қаптап жүр, олардың бәрі – біздің кейіпкеріміз» - дейді, көзінен ешнәрсені жіті жібермейтін «пері».

 

Гүлнәзия Жалғасқызы

Шымкент қаласында дүниеге келді. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ мәнерлеп оқу, шешендік өнері, қазақ тілі пәнінен жарыстарға қатысып,  жүлделі орындарға ие болды. "Бас кеспек болса, тіл кеспек жоқ" дегендей, "құдай берген бір өнерім барда бағымды сынайын" деп Қазақ ұлттық университетінің  журналистика факультетіне түсті.  Медиа саласына  II курстан бастап  бар зейінін салғаны соншалық, 2007 жылы Еуразия кинофестивалі ұйымдастырған «Ең үздік сюжет» аталымы бойынша байқауда  жеңімпаз атанды. 2008 жылдан бастап КТК  арнасының ыстық-суығына  етене араласып, ерінбей зыр қағып жүгіріп келеді. Дегенмен тағы бір арманы да жоқ емес. Ол - актриса болу. Әзірге дайындығы жаман емес сияқты.

 

Сәбина Емельбаева

   1983 жылы Алматы облысында дүниеге келді. 2007 жылы ҚазҰУ  журналистика факультетін қызыл дипломмен бітіріп, магистрант дәрежесіне ие болды. Айта кету керек, 6 сыныпта "Дидар" телеарнасында "Ақ желкен" бағдарламасының жүргізушісі болған.

    КТК телеарнасының қайнаған қазанында 2005 жылдан бері.  Ұжымда ұйымдастырушылық қасиеті өте жоғары, небір жағдайларда бәрінің басын қосып, мәселені ілезде шешуге дайын. Кез-келген ортада  жиналғандардың назарын өзіне аударып, қызық оқиғаларды майын тамыза әңгімелеудің шебері. Сәбинамен  араласқан адам бар қайғысын, проблемасын ұмытады.  Ешкімге тіс жарып айта бермейтін арманы - бір тәуір жігіттің етегінен ұстау. Ұстап қана қоймай, бірінен соң бір нәрестелерді дүниеге әкеп, үйінен мейман арылмайтын қонақжай бәйбіше атану.

 

     Байланыс телефоны: +7 (727) 258-36-61


Спешим к экранам: лучшие фильмы сентября ждут вас

Кайрат Нуртас сыграет отца четверых детей