Япыр-ай



Папарацци! Сенсация! Біз білетін жұлдыздың сіз білмейтін қыр-сыры тек «Япыр-айда»!  Ерке де кербез, тәкаппар да аңғал жұлдыздармен қарым-қатынас жасайтын  команда кім?

Гүлмира Әбіқай - Бас продюсер

Әккі журналист, тәжірибелі репортер,  әрі «Япыр-айдың» жүргізушісі.  Енді бес саусақты біріктіріп, болар істің басында жүретін  жүйрік продюсерге айналды.

Ботагөз Қасымқұлова – режиссер

Студияға келген қонақтың  қас-қабағын "аңдып", көңіл-күйін "бақылап",  жүріс-тұрысын жіті  қадағалайды.  Әншінің басы  қылт етпеуін, әр кадр мүлт кетпеуін қадағалайды.

Рәбия Балбаева- әкімші

Рәбияға «қолым бос емес»деген танымалдар  ертеңіне студияда қалай отырғанын өзі аңғармай қалады. Келген қонақ  ыстық шәй мен жылы-жұмсағын ала жүгіретін  қонақжай келіншек.

«Япыр-ай» деп таң қалып, сан соғып, бармақ тістеп, үстіңгі ерінді жалаудың енді керегі жоқ. Мұның бәрін сізге топтап тарту етер жаңа жоба алдыңызда! Папарацци құрығына ілінген әнші, көп ішінен сенсация жасаған әртіс, жұрт білетін жұлдыздың сіз білмейтін тұстары - бәрі «Япыр-айда»!

Байланыс тел: +7 (727) 258-36-61, ішкі тел 1413

Сейсенбі- жұма 6:45-те!


Голливуд назвал имя новой Лары Крофт

Германия – Италия: самое сильное противостояние Евро