“ЖҰЛДЫЗДЫ АҚИҚАТ”



Елге танымал тұлғаның өмірі өзгеріске бейім, әрі ол көрерменді қызықтырмай қоймайды. Өнер жұлдыздары арасындағы дау-дамай, өкпе-реніш, ұрыс-керіс, ерегіс пен жанжал, шатақ пен шу, махаббат пен ажырасу – бәрі-бәрі көрерменнің сүйікті тақырыбы. Бағдарламаның журналистері еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, өнер адамдары туралы ел арасында тараған  алып-қашпа әңгімелердің, өсек-аяңның себебін анықтап, елдің көзайымына айналған танымал адамдардың кемшілігін, өнерден бөлек, өмірдегі өкінішті тұстарын, көпшілік біле бермейтін жеке құпияларын ашып көрсетіп, журналистік зерттеу жүргізеді.

   Жобаның мақсаты - өнер жұлдыздарының көпшілікке айтқысы келмейтін, тек өзара айтылатын құпияларын көрерменге жеткізу.  Шығармашылық топ   миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған мегажұлдыздардың жеке өміріндегі айқай-шуға толы сәттерді толық қамтуға тырысады.

Сенбіде, сағат 19:45-те!


Десятка самых ожидаемых картин летнего сезона

Премьеры четверга: драматические ленты, которые нельзя пропустить