«Жазғы фестиваль Kazakhstan Cola»



«КТК» арнасында белгілі продюсер және тележүргізуші Әсел Сәдуақасованың кезекті мега жобасы іске қосылды.  9 мамырда сағат 18:30-да сазды әуенге толы «Жазғы фестиваль Kazakhstan Cola» шоуын қарсы алыңыздар!

15 қазақстандық  шоу-бизнес  жұлдыздары бас жүлде - 5 миллион теңгені қанжығасына байлау үшін сайысқа түспек. Айы оңынан туған жеңімпаз  ұтып алған жүлдесіне автомобиль сатып алады немесе өзінің жаңа хит әніне бейнебаян түсіреді.

Ал көрермендерді ұмытылмас ерекше шоу-думан күтіп тұр. Сіздердің сүйікті әртістеріңіз: Мәдина Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Алаш ұлы, Әли Оқапов, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Серік Ибрагимов, Кентал, және GHAD,  Жігіттер, Дауыс Интернейшнл, Аюми, Алтын гелз, Ринго тобы жанды дауыспен судай жаңа әндерін шырқайды.

Әр бағдарламаға үш жұлдыздан қатысып отырады. Әртіс бұрын еш жерде шырқалмаған  жаңа әнін орындайды. Әр ән өзінің стилімен, өңделуімен, орындалуымен ерекше болмақ.  Айта кету керек, жобада қатысушылардан бөлек,

мықты хит әнімен сыйлы қонақ болады. Оның есімі әзірге құпия.

20 маусымда өтетін гала концертте біз  шоу-думанның жеңімпазын білетін боламыз. Оның әні еліміздің барлық телеарналары мен радиостанцияларында таратылмақ.  Ал көрермендер  қатысушылардың жігерін жандандыру үшін  тегін смс дауыс бере алады.

Сонымен,   9 мамырда сағат 18:30-да   «Жазғы фестиваль   Kazakhstan Cola»!  


Angry birds в кино – долгожданный мультфильм 2016 года

Чемпионат Европы в июне выявит фаворитов и аутсайдеров