Қазақстан Барысы 2014



2014 жылы 29 маусым күні «Сарыарқа» велотрегінде Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ФИНАЛДЫҚ сыны өтіп, еліміздегі ең үздік балуаны анықталды.  Шығыс Барысы - Қазақстан Барысына айналды. Алтын белбеу иегері - Мұхит Тұрсынов. "Қазақстан Барысы" атағының иегерi 150 мың АҚШ долларын және алтын"Тайтұяқ" ұтып алды.

Ақтық сында Қарағанды облысының өкiлi Асыл Бәрменов пен Шығыс Қазақстан намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов белдескен болатын.  «Қазақстан Барысы-2014» турнирінде қарағандылық Асыл Бәрменов күміс белбеу иегері атанды. Оған 30 мың АҚШ доллары, ал бапкері Сұлтан Тынысбаевқа 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

Қола жүлде "Сыр барысы" Руслан Әбдiразақовқа бұйырды. Қызылордалық Руслан Әбдіразақов пен жамбылдық Дәулетхан Жақыпов өзара бәсекеге түскен еді. Бұл додада 2013 жылғы «Қазақстан Барысынан» басым түскенімен, жартылай финалда Мұхит Тұрсыновқа жол берген Р.Әбдіразақов Жақыповтан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Үшiншi орын үшiн таласта ол "Талас арланы" Дәулетхан Жақыповты (Жамбыл облысы) тiзе бүктiрдi. Дегенмен Дәулетхан Жақыпов көрермен көзайымына айналып, су жаңа автокөлiкке ие болды.   

 


Евро-2016: календарь финального турнира

Англия – Исландия: главная сенсация чемпионата