Hello, Қазақстан!

«Hello Қазақстан» – бұл нағыз жиһангездерге арналған бірегей әрі теңдессіз жоба. Елімізге алғаш келген қонақтар бұрын соңды көрмеген мемлекетпен танысып, тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен табиғаттың сан түрлі құпиясымен бетпе –бет келеді.

Шет елдіктерді шалғай елдімекендердегі қонақжай халық, қазақтың кең дастарханы, қызыққа толы шытырман оқиғалар күтіп тұрады. Саяхатшылар тек қазақ жерін қызықтап қана қоймайды. Оларды түрлі сынақтар, тосын тапсырмалар, ұлттық ойындар күтеді. Бұл жобаға қатысуға ниет білдіргендердердің санында есеп жоқ. Интернет арқылы жүргізілген сауалнама барысында әлемнің әр елінен 50 саяхатшы таңдалып, нәтижесінде солардың ішінен ең таңдаулы, кез келген сынға дайын деген 12 адам іріктелді. Беймәлім Қазақстанның өткені мен бүгінін өз көздерімен көруді қалаған қонақтар мыңдаған шақырымды еңсеріп, қуана елімізге жетті. Солардың ішінде біреуі ғана үздік турист атанады.

Бағдарлама аудиториясы шектелмеген. Мақсаты – қазақ елінің кереметтерін шет елдіктердің көзімен жеткізу. Еліміздегі туризмді дамыту, оның ішінде этно және экотуризмді насихаттау. Ең бастысы осы жоба арқылы туристер үшін Қазақстанда барлық мүмкіндік жасалғанын көрерменге жеткізу болып табылады.

«Hello Қазақстан!» жобасының қатысушылары сан түрлі сынақтардан өтіп, сапарларын одан әрі жалғады.  Еліміздің солтүстігіне аттанған Нигериялық Абдул мен Түркиялық Окан бұл жолы  Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылына жетіп, киіз үй тікті. Қазақ шаңырағын көтеріп, өз беттерінше уықтарын қадады. Қазақша ән айтты, құрт жасауды үйренді,  шұбаттың қалай дайындалатынын көрді. Ал Ақтөбе өңірінде жүрген Португалиялық Джуана мен Канадалық Марк балық аулауға аттанды. Өзен жағасына жетіп, күні бойы қармақ салды. Ал аулаған балықтарын  өз беттерінше дайындады. Саяхатшылар аспазшының көмегімен бекіреден бесмарбақ әзірлеп үйренді.  Алматы облысындағы жиһангездер үшін бұл күн ерекше болды. Франциялық Мария мен Колумбиялық Николас Багги көліктерімен 3 мың метр биіктікті бағындыруға әрекеттенді.  Қиын да күрделі жолдарды жүріп өтіп,    қауіпті асуларды  еңсерді. Нәтижесінде белгіленген меже бағындырылды. Ал бұл нүктеге жету олар үшін оңайға соққан жоқ.


«Светская жизнь» Вуди Аллена откроет Каннский фестиваль

Курьезы на Олимпиаде в Рио-де-Жанейро: и смех и грех