Базар жоқ алаңы



Ойын-сауықтық  жобалардың көрермен тарапынан төмен сұранысқа ие болуының басты себебі неде? Ұсынылып отырған жоба осы олқылықтың орнын толтыруға арналған. Әр түрлі жанрдағы, түрлі бағыттағы әзілкештер өзараға сынға түсіп, "Базар жоқ алаңын" қыздыра түсуі бәсекелестікті жандандырып,  өнімнің сапасын өсіреді.

  • Жобаның басты жүргізушісі - "Әзіл әлемі" театрының танымал әртісі Қанат Әлжаппаров
  • Сахна сыртындағы қосымша жүргізуші -  "Әзіл әлемі" театрының әртісі Жақан Отарғалиев

Алматы мен Астанада кастинг  өткізіледі. Іріктеліп алынған үміткерлер  1 000 000 теңге жүлдеге ие болу үшін барын салады. Ал ерекше көзген түскен әзілкештер "Әзіл әлемі" театрына қабылданатынын ескерсек, бұл ынталандыру сайыс көркін жандыра түспек. Қатысушылардың шеберлігін  қазылар алқасы бағалап,  әр кезеңнің үздіктерін анықтап отырады.

Әділқазылар алқасы:

1. Тұрсынбек Қабатов, жобаның жетекшісі, қазылар алқасының төрағасы.

2. Нүркен Өтеуілов, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, "Жыл актері" жеңімпазы.  

3. Танымал тұлғалар, отандық эстрада өкілі.

Финалында қорытынды шығарылып,  гала концерт және марапаттау рәсімі өтеді.  

Жексенбіде, сағат 22:45-те!


Лучшие фильмы с сестрами Олсен: эволюция образов

Матч Италия – Швеция 17 июня выявил претендента на плей-офф