ЖанАйқай



«Жанайқай» жобасының авторы - Лонг Айленд университетін бітірген халықаралық репортер, социолог маман Азамат Досжан. Қазақстандық журналист қазір Нью-Йоркте жұмыс істейді.

Бағдарлама жанры – қарапайым адамдардың тағдыры арқылы өткір әлеуметтік мәселелерді көтеретін арнайы репортаж. Ортақ бір жүйеге  құрылған бағдарламада үш кейіпкердің шынайы бет-бейнесі, өмір жолы, көрген қиындықтары  мен одан шығу жолдары бейнеленеді. Оқиғалар  шынайы өмірден алынған. Тақырыптары тек жеке бастың емес, қазіргі қоғамда белең  алып  отырған  қасіреттер, трагедияға айналған  өткір мәселелер. Кейіпкерлер өмірде бар адамдар, олардың тағдырлары да әр түрлі. Әрқайсысының өмірлік драмасы да өзіндік сипатта,қиындықтарымен күресу жолдары да әрқилы.

Бағдарламаның мақсаты – көрерменді кейіпкердің тағдырына тарту, әлеуметтік қорғау саласына селқостық танытпай, қоғам болып көмектесу.

Сенбіде, сағат 9:30-да


Чем удивит август киноманов: ТОП ожидаемых премьер

Очень плохие мамочки успешно дебютировали в первый уикенд