КТК-да Қабатов!



«КТК-да Қабатов» - Қазақстандық телекеңістіктегі бірегей жоба. Ол бағдарламаның шетелдік аналогтары жоқ, сондай-ақ алғаш рет «әзіл-сықақ сұхбат» жанрын қолданған тәжірибе алаңы. Жасөспірімдерден бастап қария кісілерге дейін бағытталған жоба.

Жобаның авторы әрі жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов – өзін ТМД елдерінде де, Қазақстанда да танытып, мойындата білген юморист. Оның өзіндік стилі мен әзілдерді жеткізу жолы аталмыш бағдарламада көрініс тауып жатыр. Алғаш рет сахнаға 2000 жылдары шығып, «Молодец, Мырзабаев» монологымен қалың көпшіліктің жүрегін жаулаған Тұрсынбек «Көңілді тапқырлар клубының» (КВН) да мектебінен өтті. Бұған «Астана қаласының көңілді тапқырлар театрының» «Базар жоқ концерттерін» қосыңыздар. Жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен сан алуан бағдарламалардың жүргізушісі ретінде қалыптастырған имиджі бүгінде оның жеке шоуына қызмет етіп жатыр. Тұрақты көрермендер әр шығарылымның белгілі бір тақырыпқа арналатынын біледі. Тұрсынбек сол тақырып аясында жекелеген монологтарын оқып қана қоймай, келген қонақтармен де әзілдесіп жатады. Бір мейман түйткілді мәселелерге қатысты ой-пікірін білдірсе, енді бірі – жасырылған мақал-мәтелдерді шешеді, бірі – өзін сахналандырылған қойылымда тексеріп көреді. Жұлдыздардың қатысуымен өтетін мұндай қойылымдар да өзінің жанкүйерлерін тапты. Ұтқыр әзіл, салмақты ойлар, заманауи тапсырмалар мен қызықты жарнамалар, көңілді әндер мен күлкілі эпизодтар «КТК-да Қабатов» ойын-сауық бағдарламасының сәнін кіргізіп тұр. Көтеріңкі көңіл-күйді таңдасаңыз, әр жексенбі сайын көгілдір экран алдында қауышайық!


Медальный зачет Олимпийских игр: кто пополнил копилку РК

«Форсаж 8» презентует первые кадры со съемок франшизы