Информбюро



Когда посмотреть "Информбюро" в ближайшее время

В котором часуНа каком канале
Четверг, 14:00 31 Канал
Пятница, 01:00 31 Канал
Пятница, 14:00 31 Канал
Суббота, 01:00 31 Канал

Ақпарат

Жанры: ақпараттық бағдарлама
Тілі: қазақша
Ұзақтығы: 30 мин



Жоба жайлы

Жаңалықтар – біздің өміріміздің айнасы, қоғамның бет-бейнесі. Саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңалықтардан хабардар болу заманға бейімделу, озық ойлылыққа ұмтылу дегенді білдіреді. Бұл тұста сізге жұдырықша жұмылған «31 арнаның» «Информбюро» бағдарламасы мен оның еңбекқор тілшілері көмекке келеді.

«Информбюроның» кәсіпқой мамандары мен түсірілім тобы Сіздің көкейіңізде жүрген сұрақтардың жауабын табуға көмектеседі. Олар бүгінгі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істейді. Айшылық алыс жерлерден жылдам ақпар таратып, қаһарлы қыста да, шіліңгір жазда тау мен тасқа өрмелеп, дархан далаға сапар шегеді. Кәсіби кәнігі тілшілер Халықтың наразылығы туындаған жағдайда Үкімет пен Парламент отырысына да қатысады, банкирлер мен прокурорлардың, дәрігерлер мен басшылардың кабинеттерінен табыла алады. Олар –айтары бар кез-келген жанның жан-айқайын жеткізушілер. Сондықтан, «Информбюро» сюжеттері өткір шындыққа негізделген.
 
«Информбюро» телевизиялық ақпараттық бағдарламасының тарихы 1996 жылдан бастау алады. Бүгінгі таңға дейін «Информбюро» мектебінен өткен журналистер қазірде БАҚ саласындағы жетекші орындарда қызмет етеді. Қазақстанның телеақпарат толқынында әлі күнге дейін республикалық және халықаралық телебайқаулар мен фестивальдерде жүлдегер атанған дәл осындай бірде-бір бағдарлама жоқ. Жоба «Алтын Жұлдыз» республикалық байқауының «Ақпараттар бағдарламасының үздігі» мен «Үздік автор» номинациясы бойынша 5 бірдей жүлде алған. Сонымен қатар Мәскеуде өткен “Ақпараттар әлемі”  телефестивалінде жоғары жетістікке жеткен. 

«Информбюро» жаңалықтарының басты ұстанымы – ақпаратты жеткізудегі шынайылық, пікірлердің саналуандығы және айшықты бейнеролик. Жаңалық жасау үшін бүтін бір команда жұмыла қызмет етеді. Олардың ішінде редакторлар, журналистер, операторлар, бейнеинженерлер, режиссерлер бар. Олар «31 арнаның» көрермендеріне бір күндегі ең маңызды ақпараттарды жедел жеткізіп, әлемдегі жаңалықтарды ұсыну үшін маңдай терлерін сарп етіп еңбектенеді. 

«Информбюроның» материалдарын «31 арнаның» сайтынан оқып, құқығыңызды таптайтын жайттар орын алса, редакторға хат жаза аласыз. Бізбен бірге болыңыз! 



Самое главное кинособытие года стартовало в Каннах

«Союзмультфильм» отмечает 80-летие в этом году