Айтыс алаңы

Ақпарат

Жылы: 2015.
Елі: Казақстан.
Жанр: шоу.
Хронометраж: 45 мин.


Жоба жайлы

12-қыркүйек! 31 арнада «Айтыс алаңы» атты жаңа шоу жобасы басталады!


Көрермендер жаңа форматтағы жаңа жобаға куә болады. Басты сыйлық үшін Қазақстанныңтүкпір-түкпірінен келген 12 ақын бір-бірімен сынға түседі.

 

«Айтыс алаңы» жаңашоуда - еліміздің әр жерінен ат терлетіп келген талатты ақындардың өнерікөрсетіледі. Әрбір он екі эпизодта сахна төріне екі ақын шығып, бір-біріменжарысады. Сайыстың ережесі бойынша, ол  бес бірдей айдардан тұрады. Әрқайсысынабес-сегіз минут беріледі. Сондықтан ақындар уақытының аз болғанына қарамастан,өмірде болып жатқан әрбір мәселені сөз етіп, шындықты жырлайтын болады. 



«Өзекті мәселе» тақырыбында ақындар Информбюродағы бастыжаңалықты сөз етіп,  өзекті мәселенікөтеретін болады. Ақындар өздерінің ойы мен өткір пікірлерін айтып, көкейтестісұрақтарға жауап іздейді.

 «Тақырыптық айтыс» бөлімінде нақты тақырып таңдалады. Залда отырғанкөрермендер ұсынылған тақырыптың біреуін таңдайтын болады. Көп дауыс жинағантақырыпты айтыскерлер алдын-ала білмеуі тиіс.

«Ситуациялық қойылым»  айдарында кәсіпқой актерлар сомдаған өмірдегі ұрыс-керісті немесе сериалданүзіндіні жариялайтын болады. Үміткерлер сұрақтың жауабы ретінде өздерініңнұсқасын айтып, ары қарай өрбітеді.

«Жұмбақ айтыс» - классикалық айтыс түрі болып саналады.Жүргізуші жасырған жұмбақты, яғни қара жәшіктің ішінде не бар екенін ақындартабуы керек.

«Айтыс-пародия» -кезеңінде 1 ден 9 дейінгі сандарды ашып,ішіндегі белгілі тұлғаларға қызықты пародия жасайтын болады. 


12-қыркүйек сағат 22.00-де «Айтыс алаңы» жобасын өткізіпалмаңыздар!



Красочное завершение Олимпиады в духе карнавальной ночи

«Пришельцы в ауле» спешат на встречу со зрителем