Сен келерсің





Ақпарат

Елі: Үндістан
Тілі: қазақша


Жоба жайлы

Алғашқы маусымның соңында Танвирдің қаскүнемдігінен қашқан Дильшад екі немересін алып көз көрмес, құлақ естімес Пенджаб деген ауылдан бір шығады. Одан бері 18 жыл уақыт өткен. Ал Асадтың егіз қыздарының тағдыры екі арнаға түсіп, бойжетіп қалған бауырлар бірін-бірі танымай, екі түрлі жағдайда тәрбие алып, екі бөлек қалада өседі. Алдарыңызда – Үндістанның танымал актрисасы, өздеріңіз жақсы білетін талантты да сұлу актриса – Сурбхи Джиоти.  Бірақ бұл жолы ол екі түрлі мінезді сомдап, асқан шеберлігі мен екі түрлі қасиеттерді бойына сіңірген кейіпкер ретінде көпшіліктің алдында шығады.  


Санам – әжесі мен мылқау әпкесі үшін ерте жастан мойнына жауапкершілік алып, отбасының барлық қаржылық қиындықтарын өзі шешіп үйренген жан. Ауылда, салт-дәстүрді құрметтеп өскен бойжеткенді тұрмысқа шықпай жатып, атастырған жігіті тастап кетеді. Содан бастап Санамның тағдыры мүлде басқа арнаға түседі.


Сехер – жетімдер үйінде өскен, өмір үшін күресте ақша тауып, жан бағу үшін әртүрлі айла-тәсілдерге барып, өзін-өзі асыраумен айналысатын өжет те батыл қыз. Ол тіпті есімінің Сехер екенін де білмейді.


Телехикаяның көркін қыздырып, небір шиеленісті жайттарға арқау болып, оқиғалардың одан әрі қызықты болып, жандана түсуіне себеп болған сүйікті әртістеріңіз – Амрапали Гупта (Танвир) және Алка Каушал (Разия) сынды актрисалар бұл маусымда да өз бейнелерін тапқан. Рөлдерін шебер сомдап, «жағымсыз» кейіпкер деген атқа ие болған екі бірдей үндінің шебер актрисасы Санам мен Сехердің табысуына, олардың өз бақытын табуына бұл жолы да кедергі болып бағады.


 





«День независимости 2» – явно крупнее, чем предыдущий

Олимпиада в Рио 2016 по плаванью – слезы радости Казахстана