Балақай

Ақпарат

Жылы: 2012
Елі: Өзбекстан
Жанр: комедия


Жоба жайлы

Қырсық, әрі ерке Азиз дәулетті отбасынан шыққан жігіт. Кеш батса тек өзінің көлігімен жарыс ұйымдастырып, достарымен түнгі клубтарды аралайды. Ол кейде төбелестердің ортасында жүріп, үйіне таңертең бет-аузы көк-ала көк торғайдай болып келеді. Бұл қылығын құп көрмеген ата-анасы баласының ес жиып, ақыл тоқтатқанын қалайда. Алайда, жиырма екі жастағы Азиз тек өз білгенімен жүргенді жақсы көреді. Ал, оның құрдастары үйленіп, отбасын құрады.

Азиз көлігімен жолда келе жатып, алдынан атып шыққан қызға кезігеді. Ол әжесінің үйіне апарып тастауын сұрайды. Ол қызды туыстары күштеп тұрмысқа бермекші болған екен. Күйеуге шығудан бас тартқан бойжеткен қашып кетеді. Сенімді, сымбатты қыз Азизге ұнай бастайды. Бірақ, екі жас бас қосып шаңырақ көтере ме? Жігіттің ата-анасының арманы орындала ма? 


Дисквалификация тяжелоатлетов РК после Олимпиады в Рио

Франция – Румыния 10 июня 2016: начало интригующих баталий