Қала аңыздары

Ақпарат

Идеяның авторы: Дәуіт Шайхисламов, Сәбит Рахимбаев
Режиссері: Ақан Мұсакұлов
Сценарийі: Сәбит Рахимбаев, Руслан Висингериев


Жоба жайлы

Қарапайым қазақстандықтар туралы әзіл-оспақ - новеллалар!

"Қала аңыздарының" әр топтамасы біз күнде кездестіретін жекекейіпкерлерге арналған: студенттер, МАИ қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер,жасөспірімдер, отбасылық жұптар, қыздар, жұлдыздар және т.б.

 

2 маусым

Жүргізушінің өмірі оңай емес: күндіз Ермек өзін байшыкеш ретінде көрсетіп,әдемі қыздарды апарып салып жүреді, ал кешкісін, желі шыққан доптай, қоғамдықкөлікпен үйіне қайтады.  Кейде қожайын Ермекке «мықты» көлігін кешкісінүйге алып кетуге рұқсат етеді. Оның өзінде автокөлік жуу, көлік жөндеуорындарына бару үшін ғана.   Бұл жолы да Ермек түрлі себептерменкөлікті үйге алып кетуді өтініп, ағасына келеді, бірақ бай мырза көнер емес. Неістеу керек? Қызбен кездесуді кейінге қалдыруға болмайды. Жоқ, кездесу болады,бірақ кинозалға джиппен емес, автобуспен жетуге тура келеді. Тағы қызығы,бойжеткен құрбысын ертіп келіпті, ал Ермектің қалтасында бар болғаны бес мыңтеңге ғана бар! Кейіпкердің осы ақша бәріне жетуі керек деген есебі аяқ астынанорындалмай қалады. Қыңыр қыз мейрамханада отырған кезде шай, кофе салатпенбірге бір бөтелке Моет Шандон аққайнарына тапсырыс береді. Ол болмағандаалдыңғы тапсырыстардың құны бес мың теңгеден сәл аздау болып тұрған еді. Ермектің ойында 4400 теңге, ал мына жердегі есеп 54400 теңге болып кетті. Ермекқобалжи бастайды. Ақырында көп ойланбастан кездесуден қашып кетуге бел буады.Ерлер бөлмесіне барып қайтамын деген сылтаумен жігіт мейрамханадан атып шығып,еркіндікке ұмтылады.   

«Жүгірген кезде ойланған жақсы екен, - деп өзін-өзі  жұбатып қоядыЕрмек жүгіріп келе жатып. – Қан айналып, миға көп мөлшерде оттегі жетеді, соныңарқасында көптеген идеялар туындайды. Жоқ, мен мәселеден қашып келе жатқанжоқпын, өзімнің жүгіргім келіп кетті». 

Бұл шынайы оқиға кез келген жас және жасамыс адамның басынан өтуі мүмкінекені рас. Тек шын өмірде олар мұндай жағдайға тап болса, теледидардың сыртындаотырған көрермен сияқты күле алмас еді. Айтпақшы, мейрамханада қалған қыздардаяшыдан қашып кете алмады. Сол себепті көрермен хикая жалғасында олардың 90мың теңгені қалай төлегені туралы шым-шытырық оқиғаның да куәсі болаалады! 

«Қала аңыздары – 2» афроамерикандыққа сырт келбеті қатты ұқсайтын Әли туралыәзілге құрылған оқиғаларға толы. Оның ЖОО мен әскери коммисариатқа баруы, жас,жаңадан қызмет жолын бастаған журналистің басынан өткен шабанмен байланыстымистикалық оқиға.  Ырым атаулыға сенетін жас кеңсе қызметкері Серік туралыновелла да көп адамға сабақ болады. Екінші маусым жайында бұл айтқандарымыз –теңіздің тамшысындай ғана көңіл сергіткіш жайттар.   


1 маусым


Олардың әрқайсысы аңызға айналдыратын, өмірдің қызықты жәнемұңды жағдайларымен кездесіп отырады. Телетоптама өзін аңызға айналғанқаһарман ретінде көрсетіп, соның ойы мен қылықтарын толық түсіндіретін әңгімешітарабынан көрсетіледі. Көрермендер теленовеллада жаңа кейіпкерлер меншақырылған жұлдыздарды көре алады. Солардың ішінде X-factor жобасыныңқатысушысы Дария Акпарова, әнші Анель Аринова, Нұрлан Қоянбаев және тағыбасқалар...

16 миллионнан астам халқы бар Қазақстанның әрбір адамы туралы аңыз құруғаболады!


«Первый мститель» – самый кассовый релиз в прокате

ТОП-5 новых военных фильмов, посвященных Дню Победы