Зеленый фонарь



Ақпарат

Жанр: фантастикалық атыс-шабыс
Басты рөлде: Райан Рэйнольдс


Жоба жайлы

Шексіз және жұмбағы мол осынау Ғаламда ғасырлар бойы керемет күшке ие жасақ болды. Тыныштық пен әділетті жақтаушылар оларды Жасыл Жарық Корпусы атайды. Бұл жасақтың мүшелері галактика аралық заңды қорғауға ант берген. Олардың әрқайсысында керемет күш беретін жүзік бар. Алайда, Параллакс есімді жау пайда болып, Ғаламдағы тепе-теңдікті бұзуға ұмтылған кезде, олардың және Жердің тағдыры жасаққа жаңа қосылған және оның тарихындағы алғашқы адам – Хэл Джорданға байланысты болады. Хэл аса дарынды ұшқыш-сынақшы. Алайда Жасыл Жарық адамзатқа сенбейді, сыйламайды. Өйткені бұғанға дейін ешбір адам жүзіктің шексіз күшіне ие бола алған емес. Алайда, Хэл табанды, ерік-жігерінің мықтылығымен қатар, жұлдызды сарбаздың бірде-бірінде болмаған қасиетке ие, ол адамгершілік. Егер серігі әрі бала кезінен келе жатқан досы Кэрол Ферристің қолдауымен Хэл жүзіктің күшін игеруді үйренсе және өз қорқыныш жеңе алса, ол Параллаксты жеңудің жолын тауып қана қоймай, барлық Жасыл Жарықтардың арасындағы ең ұлысына айналады.


«Свадебный угар»: уже в кино

Евро-2016: календарь финального турнира