Адасқандар



Ақпарат

Жылы: 2015.
Елі: Қазақстан.
Жанр: фантастика, комедия.
Сериал: 20.
Хронометраж: 24 мин
Тілі: қазақ

Жоба жайлы

Уақыт порталы іске қосылып қазіргі заманда өмір сүріп жатқан бірнеше қазақстандықтар  бес жүз жыл бұрынғы Қазақ Хандығына өтіп кетеді. Кейіпкерлер өз өмірлеріне үйреніпқалғандықтан, ол жерден қашып шығу үшін талай әрекеттенеді.

Белгілі физик,физика-математика ғылымының докторы Талас Серкебаев уақыт порталын жүзеге асыру үшін бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Портал Аралдағы Қарақұм деген жерде болады.Талас сол жерде арнайы аппараттың көмегімен зерттеу жүргізеді.

Түн болады. Ғылымизерттеу жұмыстары кезінде Таласқа танымал әнші Айдана және оның продюсеріӘлішер, оққағары Мұхит кездеседі. Олар Айдананың бейнебаянынтүсіреміз деп адасып кетеді.

Айтпақшы, келгенқонақтар Таласқа кедергі келтіреді. Айдана және оның қасындағылары үйіне қайта оралуғаоқталғанымен, олардың машинасы құмға батып қалады. Мұхит газды қатты басып іске қосуды көздейді.

Осы уақытта Таластыңаппараты терең жер астынан пайда болған тербілісті өзіне қабылдап алады. ТаласМұхитқа газды басуын тоқтатуды сұрайды. Әйтпесе машинаның қозғалтқышы жерастындағы қозғалысқа әсер ету мүмкін деген болжам айтады.

Алайда, Мұхит оныестімейді, тіпті тыңдамайды да. Одан сайын газды басады. Таластың айтқаны болып,машинаның қозғалтқышы әсер етіп, жер астынан шұңқыр пайда болады. Сөйтіп, олшұңқыр Айдананың командасы және Таластың аппаратымен бірге өзге заманға өткізіпжібереді. 


Расписание Олимпиады в Рио-де-Жанейро: интересное впереди

Бокс-офис Казахстана: какие премьеры востребованы в РК