Паранойя



Ақпарат

Жанры: триллер
Рөлдерде: Шайя Ла Баф, Сара Ремер, Кэрри-Энн Мосс

Жоба жайлы

Әкесі опат болған көлік апатына дейін, Кейлдің өмірінде бәрі де керемет еді. Табиғат аясында екі қабатты үйдегі бақытты өмір. Алайда, әкесі қайтыс болған соң бәрі өзгерді. Кейлдің әкесіне қатысты оның мұғалімі әдепсіз қалжың айтады. Кейл мұғаліміне қатал жауап бергені соншалық, сол сөздері үшін сот алдында жауап беруге тура келеді. Ол, үй қамағына алынады: аяғына тұсау салынып, егер үйінен 30 метр қашыққа шығар болса, ол тұсау полицияға сыңғылап хабар бермек. Ол енді өзі үйінде өзі жындануға шақ қалды. Ал, анасы болса, таршылық көрсетпеу үшін, күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр. Терезе Кейл үшін оның әлеміне айналды. Ол өз сезімдерін таразылағысы келмейді. Өйткені, өзіне ауыр тиеді. Осылайша ол жан-жағына қарап, өзге жандардың қайғысы мен қасыретін ұғып, олардың қарым-қатынасының қалыптасуы мен құлдырауына мән береді. Дәл осы сәтте ол кісі өлтіруші деп санайтын бір адамды табады.


Джеймс Кэмерон пообещал снять четыре части «Аватара» к 2023 году

Сериал Черная любовь – турецкая премьера в Казахстане