Бiз бiргемiз

Әлеуметтік-қайырымдылық жобаматериалдық және моральдық көмек пен қолдауға зәру адамдар арасындағыбайланыстырушы болуды көздейді. Бағдарламаның атауы қоғамды көптіңкөмегіне  мұқтаж жандардың тағдырынажанашырлық танытып, үлес қосуға, азаматтық, жалпы адамзаттық және альтруистікқадамға баруға шақырады.

Біздің бағдарламаныңарқасында көрермендер кімге көмек керек екені туралы уақтылы толық ақпарат алаалады. Әрбір сюжетте күрделі ауруға шалдыққан немесе жай ғана адамдар көмегінезәру балалар туралы әңгімеленеді.

Сондай-ақ жетім, тастанды немесе мүгедекбалалар тұратын нақты бір балалар мекемесінің проблемалары көтеріледі. Көрерменбағдарлама қонақтары қандай көмекті қажет етеді, көмек көрсету үшін қаншақаражат керектігі туралы ақпарат алады.

«Айналайын» айдарындаасырап алуға болатын балалар туралы сюжет көрсетіледі. Асырап алғысы келетіната-аналарға, қамқорлығына алғысы келетіндерге, тәрбиешілер мен бұл мәселегебей-жай қарай алмайтындарға арнайы шақырылған сарапшылардың кеңестері пайдалыболуы мүмкін.

Бағдарлама авторларынақоятын сауалдарыңыз бен талап-тілектеріңізді birgemiz@astv.kz  электронды поштасына жіберуге болады.

 

Закрытие Олимпиады в Рио и подготовка к ХХХІІ летним играм

«Гламур для дур» станет новым проектом Узабаева