Кеш емес



Бағдарлама жүргізушінің әңгімеге өзек болған оқиғаларды жіпке тізіп баяндауынан басталады. Бұл – тақырыпқа кіріспе. Бағдарламаның негізгі мақсаты - дәйексіз деректер мен көп сөзділіктен қаша отырып саясат, экономика, ішкі байланыстар, ұлтаралық қатынастар, дін, партиялық құрылым, жемқорлық, құқық, миграционды үдерістер, өнер, әдебиет, денсаулық сақтау саласы секілді қоғамдағы ең өзекті деген тақырыптар төңірегінде бұқара халыққа түсінікті әңгіме өрбіту. Басты ұстаным – қысқа да нұсқа.

Бағдарлама ұйымдастырушылары ешкімнің ығына жығылуды көздемейді. Олар тек қарапайым халық пен телекөрермендерін ойландырып жүрген сауалдарына орынды жауап беруді көздейді. Әдетте әңгіме барысы келген қонақтардың тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты өрбиді. Тек, қалып қана тұрақты. Бастысы – дәйек пен деректі безбендей отырып, жұрт түсінбейтін терминдер мен көпсөзділікке «әсіре білімдарлыққа» жол бермеу.

Бағдарламаның авторларына қоятын сұрақтарыңыз бен тілектеріңізді мына е-mail:   жолдаңыз.

Самое главное кинособытие года стартовало в Каннах

Лето с 31 каналом: любимые передачи и новые впечатления