Той жыры



«Отан отбасынан басталады»дегенді басшылыққа ала отырып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Жан жарынтауып, отбасының тыныштығын сақтап отырған танымал тұлғалардың ақыл-кеңесінжастарға жеткізу. Жанұя тұрақтылығы мен берекесін сақтауды насихаттап,тату-тәтті өмірге деген құлшыныстарын арттыру. Отбасылық қазақы дәстүрлердікөрсете отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Жобаның мақсаты- үлгілі отбасы болып, жылдар бойы тату өмір сүріп жатқантанымал адамдардың, белгілі тұлғалардың өмірін көпшілікке үлгі ретінде көрсетуарқылы отбасылық құндылықтарды сақтау.

«Той жыры» жұлдыздар туралышығып жатқан өзге бағдарламалардан ерекше. Танымал жұптың тойларына баса мәнберетін жоба бұрын-соңды болмаған. Яғни, үйлену туралы ұсыныстың қалайжасалғанынан бастап, тойға деген дайындық, күйеу мен қалыңдықтың киімдері, тойқалай өтті, қандай көліктер мінілді, қандай қонақтар шақырылды, қандайсыйлықтар сыйланды, қанша шығын жұмсалды деген көрерменге қызықты, өзге десұрақтарға жауап алынады. Көпшілікке көрсетілмеген, отбасылық мұрағаттаналынған той кадрлары көрерменге қызық болары сөзсіз. Таныстығы, алғашқыкездесулері, алғашқы сезімдерінен сыр шертетін романтикалық сәттеріне көзжүгіртіп, бұрын-соңды айтылмаған құпияларына шолу жасалады.

Бағдарламаның кейіпкерлері- түрлі саладағы өнер адамдары, атап өтсек, әнші,биші, музыканттар, суретші, дизайнер, ақындар, актер мен журналистер,депутаттар және т.б.

«Той жыры» арнайы жобасы «Астана» телеарнасының эфирінде әр жексенбі күні сағат 20:05-те, қайталауы сенбі күндері сағат 18:05-те көрсетіледі.



Итоги Олимпиады 2016: рекорды и заработанные призовые

Украина – Северная Ирландия: битва двух аутсайдеров группы