Дүние жарық



Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірдегі сәттіліктер мен жетістіктердің иесі болуға құқықтары бар ма, сіз қалай ойлайсыз? Олар өз қалағандары мен армандарына қол жеткізе алады ма? Осы және өзге де сұрақтардың жауаптарын Астана телеарнасынан көруге болатын Дүние жарық атты әлеуметтік жобадан біліңіз. Бұл жобаның берілуінің  нақты  уақытын бағдарламалар көрсетілімдерінің арасынан іздеңіз. Табиғат күшімен мүмкіндігі шектелген отандастарымыздың қалай өмір сүріп жатқандарын білетін боласыз.

 

Дүние жарық жобасын онлайн режимінде Nur.kz порталынан да көре аласыз. Мұнда жобаны, үнемі кедергі келтіретін, жарнамаларсыз қарауға мүмкіндігіңіз бар. Жобаны тамашалай отырып, Қазақстанда тұратын мүмкіндіктері шектеулі отандастарыңыз үшін мақтаныш пен қуаныш сезіміне бөленіңіз, себебі олар қиындыққа мойымай, қол қусырмады. Керісінше, өздерінің көздеген мақсаттарына қол жеткізу үшін барлық күштерін жұмсады.

 

Дүние жарық

Дүние жарық жобасын қай жерден онлайн режимінде және тегін көруге болады?

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың, оларды сыйлауға әбден лайық екеніне көз жеткізгіңіз келеді ме? Ендеше, әлеуметтік жобаны дәл осы парақшадан тамашалауды бастаңыз. Бұл сіз үшін мүлдем тегін, әрі көпшілік үшін қол жетімді.

 

Сіз, өздерінің табандылығы мен бірбеткейлігінің, мақсатқа жетем деушілігінің арқасында біздің ортадан өз үлесін іздеп таба білген көптеген ғажайып тұлғаларды танитын боласыз. Олар тағдырына айып тақпастан, өздері туып өскен отандарына пайда әкеле білді. Егер де осындай азаматтар жетістіктерге қол жеткізе алған болса, толығымен дені сау азаматтар олардың жеңістерін қайталай алмайды ма?

Астана телеарнасындағы  Дүние жарық  жобасының көрсетілуінің себебі әрі мағынасы қандай?

Бұл жобаның неліктен құрылғанын әлі де түсінбей отырсыз ба? Ендеше, айналаңыздағы сізді қоршаған ортаның адамдарына қарап, көз жүгіртіңіз.  Олардың көз жанарларынан нені көре алдыңыз? Республиканың көптеген тұрғындары өз өмірлеріне шағымданып, қайғыларының, сәтсіздіктерінің себебін өзінен емес өзгеден іздеуге үйреніп қалған.

 

Дүние жарық жобасын құрастыра отырып, Астана телеарнасы өзінің телекөрермендеріне алдарында жатқан мүмкіндіктерін көрсетті. Жобаның әр бір шығарылымы терең ойға батырады. Мүмкіндіктері шектелгеніне қарамастан, бұл тұлғалар адам сенгісіз жетістіктерге қол жеткізе білді. Олай болса, осындай тұлғалардың істерін қайталап көруге не кедергі келтіруде?  Сондай-ақ, Қазақстанның «Партизандары» өздерінің интернет-телеарнасын қалай құрғанын біліңіз.


Реал-Атлетико – каким будет финал Лиги Чемпионов?

Германия – Италия: самое сильное противостояние Евро