Сейсенбі – жұма, 18.40-та

Ақылына көркі сай бойжеткен шоколад дайындаушы Патрикке ғашық боп қалады. Өміріндегі үлкен махаббат деп сенген соң, әкенің қарсылығына қарамастан екеуі отбасын құрады. Алайда бақуатты ханшайымды арбап-алдауға Патрикті жұмсаған Саша еді. Ол Розаның өгей анасының қызы. Табысы көп компанияға өзі ие боп қалғысы келеді.

Роза әкесінің өліміне айыпталып, түрмеге тоғытылады. Патрик пен Сашаның сыбайлас екенін білген соң, темір тордан шығудың жолын іздестіреді. Бұл үшін оған белгілі заңгер Эмануель көмектеседі. Адвокат екеуі мінген көлік жол апатына ұшырап, тек Роза ғана аман қалады. Бірақ оны барлығы Эмануель деп қабылдайды. Өйткені екеуінің кескін-келбеті қатты ұқсайтын еді.

Бұл Роза үшін кек қайтаруға таптырмас мүмкіндік болатын. Ол әпкесінің күйеуі, өзінің сүйгені Патрикті қайтарып алады ма, әлде махаббатын құрбан етеді ме?!

Режиссерлері: Jerome C. Pobocan, Trina N. Dayrit

Басты рольдерде: Bea Alonzo, Paulo Avelino, Maricar Reyes, Susan Roces, Anita Linda, Eddie Garcia, Dina Bonnevie, Tonton Gutierrez , Albert Martinez

Елі: Филиппин

Жылы: 2014

 


Мультфильм В поисках Дори – новые приключения рыбки-хирурга

В Казахстане экранизируют жизнь Батырхана Шукенова