Намыс-дода - 2015

ШБ жетекшісі: Ш.Ықсанғалиева

Продюсері: Ержанар Әшейхан (ішкі), Гаухар Иманқұлова, Алтынбек Рахметов (аутс.)

Директор: Қуат Жақыпбаев

Өндіруші компания: «Fresh TV» ЖШС

Редакторы: Бекзат Мырзахмет

Қоюшы режиссері: Мұрат Белгібаев

Жүргізушілері: Нұрлан Қоянбаев, Асхат Садырбай

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: жұма, сағат 21.05

Ұзақтығы: 60 минут

Қайталанатын уақыты: жексенбі, сағат 15.00

Жиілігі: аптасына 1 рет                                                                                 

Жанры: спорттық

Байланыс телефондары:

E-mail:

 

«Намыс дода» - әлемнің түкпір-түкпіріне таралатын 50 жылдық тарихы бар жоба.  Францияның бұрынғы президенті Шарль де Гольдің идеясымен дүниеге келген бағдарламада әр елден келген саңылақтар өзара күш сынасады.

Сайыс көңілді, қызықты, тартысты, сондай-ақ, қауіпті ойындардан құралған.

Ұйымдастырушылар бәйгенің ойындарын жыл сайын жаңартады. Жаңа ойындар «Намыс дода» сайысы өтетін елді мекенге сай болады.

Бірақ бұқамен жекпе-жек ойыны міндетті түрде сайысқа енгізіледі. Ойынға қатысуға кез келген мемлекет ниет білдіре алады. Құрамалар санына шектеу қойылмайды.

Биылғы жылы «Намыс дода» сайысына 5 мемлекеттің құрамалары қатысты. Оның ішінде сайыстың 2 дүркін чемпионы Қытай құрамасы бар. Ал, Алжир құрамасы сайысқа алғаш рет қатысты.

Сондай-ақ, Венгрия құрамасы мен Франция спортшылары сайысқа түсті.

Биылғы жоба 7 айналымнан тұрады. Әр айналымда құрамаларға алтын, күміс, қола және шоколад алқалар беріледі.

Алтын алқаның ұпай саны  - 3, күміс - 2, ал қола алқа - 1. Ал, шоколад алқа ұтқан құрамаға ұпай берілмейді.

Бұрынғыдай ең соңғы «Чемпиондар тақтасы» айналымы шешуші болмайды. Тек өзге айналымдардан берілетін ұпай сандарымен ерекшеленді.

Бұл айналымда бірінші келген құрама 8, екінші келген құрама 6, ал үшінші келген құрама 4 ұпай алады. 13 кездесуден кейін жалпы ұпай саны есептеліп, ең көп ұпай жинаған  құрама 2015  жылдың чемпионы атанып, кубокқа ие болады. 

 

 


«Пришельцы в ауле» спешат на встречу со зрителем

Расписание Олимпиады в Рио-де-Жанейро: интересное впереди