«Өмір сабақтары» деректі драмасы

Ата-ана тәрбиесі, жастар мәселесі жалпы алғанда қазақы тіршіліктің заманауи құндылықтарының бүгінгі көріністерін телевизиялық тұрғыдан көрерменге ұсыну.

Оны жай ғана көрсете салу емес, қазақы ортаға тән қасиеттермен, шебер тіл, шешен сөзбен шендестіре, үйлестіре беру. Сол арқылы астарлы ойды ұғындыру. Бұл жобаға белгілі тұлғалар да, кез келген қоғамның қарапайым мүшесі де қатынасып, кейіпкер бола алады.

Фильмның негізгі ұстанымы – адамдар арасындағы адасу, түсініспеушілік секілді қарбаластарды, яғни күнделікті тұрмыстағы адамдар арасында жіберілген қателіктерді тізіп көрсету ғана емес, әртүрлі жастағы көрермендерге сол қателіктен қорытынды шығаруға үндеу.

Документалды фильмнің әр санында баяндалған оқиғалар легінде сабақ алған басты кейіпкерлермен бір қуанып, бір мұңаятын ҚР Еңбек сіңірген әртісі және Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры – Бауыржан Ибрагимов. Оқиға желісі тікелей Бауыржан ағаның қатысуымен өтетін болады.

Туындының әр санын күнделікті сағат 15.55-те тамашалаңыздар!

 

 


Футбольный клуб «Кайрат»: знакомство поближе

Украина – Польша: для кого-то прощальный матч