Киелі неке


Жоба жайлы

4-қаңтар күні 31-ші арнаэфирінен сағат 22.00-де «Киелі неке» атты жаңа телехикаяның көрсетілімібасталады. Телехикая 2009-2014 жылдары Indian Telly Award премиясында «Экрандағыүздік жұп» және «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды. Отбасылықоқиғалардан тұратын туынды көрермендерді алғашқыминуттан-ақ баурап алатын болады.

Хикаяның бастыкейіпкерлері-Манав пен Арчана бірге өткізген өмірде талай сынақ көрген. Сохамесімді ұлын жоғалтып алған Манав пен Арчана Пурви атты қызды асырап алады.Бірақ, күтпеген жерден Ови есімді қызды дүниеге әкеледі.

18 жыл өткен соң сымбатты әрісұлу Пурви Арджунды сүйіп қалады. Жастар бір-бірін жақсы көріп, бақыттыкезеңдерді бастан кешіріп жүреді. Алайда тағдырдың қалауымен Пурвидің өгейсіңілісі Ови де Арджунға ғашық болып, үш жүректің арасында махаббат оты пайдаболады. Шытырманға толы хикая апалы-сіңілі қыздардың арасындағы салқынқарым-қатынасты, бір жігітке ғашық болған екі қыз туралы суреттейді. Бірақ,оқиға мұнымен аяқталмайды.

Манав пен Арчана ұзақ жылдардан кейін жоғалған ұлы Сохамды тауып алады.Сюжет 20 жыл өткен соң әжесі Арчанаға ұқсайтын Сохамның қызы Анкита туралыболмақ. Анкита Наренмен шаңырақ құрып, бақытты ғұмыр кешіп жүреді. Бірақ,олардың өміріне Пурви мен Арджунның қызы Пари араласады. Сюжет желісі тағы даүш адамнан тұратын махаббат хикаясын баяндайды.

Оқиға желісі қалай өрбиді? Екі адамның арасындағы драмаға толы қарымқатынас қаншалықты созылады? Ата-ана кімнің жағында болмақ? Манав пен Арчанақай баласына қолдау көрсетеді? Шым-шытырық отбасылық хикая біріншікөрсетілімнің алғашқы уақытында-ақ көптің көңілінен шығатынына сенімдіміз.

 

4-ші қаңтардан  бастап сағат 22.00«31 арнада» 


ТОП-5 новых военных фильмов, посвященных Дню Победы

Футбольный матч Албания-Швейцария – кто назван фаворитом?