Спасти босса

Ақпарат

Жылы: 2012
Елі: Украина
Жанр: драма, комедия

Жоба жайлы

Қаңтардың төртінен бастап, 31 арнада, сағат 18.00-де Украина мен Ресейлік бірігіп түсірген " Спасти босса " атты телехикая көрермендерге ұсынылады. Бұл қызыққа толы, сапалы туынды алғашқы минуттан-ақ көрермендердің көңіл-күйін көтеріп, күлкі сыйлайды. Хикаяда әдемі әзілдер болғанымен, көрермендерге өмірдің құндылықтары мен маңыздылығын ойлануға мүмкіндік береді. Байлық, достық, махаббат па? Әлде таңдау мүлдем басқада ма?

Телехикаяның сюжетінде әртүрлі отбасылық жағдайдан шыққан, мінездері де әртүрлі бір өзгеше жұп туралы болмақ. Женя есімді жас әрі әдемі бойжеткен үлкен мекемеге жұмысқа орналасып, компания басшысы Александрдың хатшысы болады. Жаңадан келген жас басшысына бойжеткен көмектесуге әзір. Бірақ, өзіне сенімсіз бастық жалқау, жауапсыз болады. Мейірімді Женя жұмыстың барлығын өз мойнына алып, бастығына белсенді, сенімді болуды үйретеді.  Эпизод күлкіге толы оқиғалар мен қызықты жағдайды бастан кешірген жұп туралы болмақ.

Сериалдың тағы бір ерекшелігі талантты, дарынды актерлерден құралғаны. Басты кейіпкердің рөлі үшін кастингке 350 адам қатысқан. Алайда басты рөлге кастингтің 12 кезеңінен сүрінбей өтіп, көптің көзіне түскен Илья Иосифов пен Алена Криг болды.

«Спасти босса» атышулы кореялық «Защитить босса» атты ситкомның бейнесімен түсірілген. Хикая бірінші бөлімінің көрсетілімінен бастап жағымды пікірге ие болды. «31 арна» тағы да ең мықты әлемдік сериалдардың бірін өз көрермендеріне ұсынып,  оларға деген сүйіспеншілігін дәлелдейді. 


4-ші қаңтардан  бастап сағат 18.00 «31 арнада» 



Узнавайте, когда начинается Олимпиада в Рио

Том Хэнкс отправляется в «Инферно» в роли профессора