Базарбаевтар

Ақпарат

    Жылы: 2012
    Жанры: ситком
    Өндіруші: «Kazteleproduct», «31 арнамен» бірлескен жоба
    Бас продюсер: Нұрлан Қоянбаев
    Сценарий: Нұрлан Қоянбаев, Нұрдәулет Шертім, Жаммид Көшербаев
    Қоюшы-режиссер: Стас Булов
    Рөлдерде: : Бекжан Тұрыс, Райхан Халиолдина, Нұрдәулет Шертім, АидаЖантілеуова, Гүлнара Сильбаева/ Салтанат Бақаева, Дастан Қалдыбаев, НұрланҚоянбаев, Нұржан Тұтов, Күнсұлу Тұрғынбекқызы, Бақыт Әліпбаева,Әлихан


Жоба жайлы

Жалпы, ұсақ кикілжіңдерді айтпағанда, Базарбаевтар отбасында татулық пен бір-біріне деген өзара сыйластық орын алған!

3 маусым

Қарапайым жанұяның күнделікті өмірін баяндайтын отбасылық ситком ұлттықтелехикаяға айналып үлгерді. Алматы қаласындағы үш бөлмелі үйде өрбитіноқиғалар желісі үшінші маусымда  үш есе қызық әзілдер мен үш есе махабатқатолы сезімдерді паш етеді.  Жастарына жас қосылып, өмірге дегенкөзқарастары өзгерген отбасы мүшелерінің шытырман оқиғаға толы өмірлерікөрермендердің жүрегінен орын табады деген сенім бар. Бір жылға есейгенБазарбаевтар отбасының мүшелері алдағы өмірлеріне жаңа жоспар құрып, жаңашакөзқараспен өмір сүрмек.

Бұл маусымның ерекшелігі жоғарғы оқу орнына түсіп, студент атанған Гүлнәрдіңуниверситеті арқылы жастар, махаббат линиясы қосылады. Студенттер арасындағықарым-қатынастар, ғашық болу, сұлу қыздар арасындағы интригалар және т.б. Бұлкөріністер шетелдік әуендермен әрленіп, түсірілім мен монтаж жұмыстары дадинамикаға негізделеді.Гүлнәрдің бойжетіп, тұрмыс құратын уақыты келгесін,тұрмысқа беру тақырыбы ата-анасының уайымына айналған. Құдаларының жақсы болып,қызының текті жерге барғанын қалайтын Саламат пен Айғаным бойжеткеннің жекеөміріне көп көңіл бөліп жүргендей. Ал, Гүлнәр болса махаббаттың мұңын кешіпжүр. Ол ағасы Ералымен бірге Англияда оқып, Қазақсатанға жұмыс істеуге оралғанНұржанға ғашық болып қалады.  Нұржаннің рөлін телетоптаманың продюссеріНұрлан Қоянбаев сомдап, ситкомға жаңа дем қосты.

Шерәлі мен Назымның өмірінде де үлкен өзгерістер орын алады. Енді «Жауқазын»футбол командасынан сәттілік біржолата теріс қарап, Шерәлі толығымен бизнескекірем деген ойы бар. Ол Халиманы сөзге келтіріп істеп тұрған дүкенін жалғаберуді өтінеді. Шешімін тауып келіскен соң, бизнесі өрби түспек. Алайда, көңілкөтеретін орданың түні бойы жұмыс істеуі көршілерінің мазасын алатыны Шерәліүшін бөгет болмақ. Барлық көршілерінің көңілін табу мақсатында сан алуанамалдарды ойластырып, түрлі әрекеттерді жүзеге асырады.

Кембридждің түлегі Ералы Базарбаев Астанаға тау қопарар жоспарымен келеді.Оның арманы ірі ұлттық компанияда жұмыс істеп, шет елде алған білімін Отаныныңигілігіне жаратуды ойластырады.

2 маусым

Қалалық қыз Гүлнара Базарбаева енді ауылда тұрады. Дәл осықыз "Базарбаевтардың" екінші маусымын ашады. 
Отағасы Саламат ерке қызын тәрбилеу мақсатында оны екі аптаға ауылдағытуыстарына жібереді. Алғашқыда қызы қыңырланып, ауыл өмірінің талаптарынқабылдауға көнбейді, бірақ ақырындап өзіне достар табады, тіпті көршінің қызыБалымшамен де достасады.
Гитарамен ән салып, есік алдындағы кешкі отырыстардың бірінде жаңа махаббатөмірге келеді. Енді, онсыз бола ма? Айтпақшы, махаббат оты Базарбаевтаротбасының ең кішкентай мүшесін де шарпиды. Осыған дейін Аянамен дос болыпжүрген Әрсен, енді жаңа көрші - сұлу Заринаға көз салады. Бұл жасөспірімдердіңоқиғалары телехикаялардағы шиеленістермен салыстырарлықтай.

Шерәлі Базарбаевтың өмірінде де күрт өзгерістер орын алды. Ол ойнайтын біріншідивизиондағы "Жауқазын" футбол командасынан сәттілік біржола теріс айналды.Осыған байланысты Базарбаевтар отбасының тұңғыштары жұмыс орнын өзгертудішешті. Бірақ, оның қолынан тек такси жүргізуші болу ғана келді.

Ал, Назым туған күнін атап өткізбек болып, бірге оқитын курстастарын қонаққашақырады. Достарының барлығы жақсы жұмыс тауып, түрлі фирмаларда қызметатқаратындарын біледі. Студент кезде дос болған Асхат тіпті өз бизнесін деашып үлгеріпті. Құрбыларының олармен бірге жұмысқа шығу туралы сөздерінтыңдамай, Назым өзін отбасына арнау туралы шешім қабылдайды...

1 маусым

Ситкомның оқиғасы Алматыдағы қарапайым үшбөлмелі пәтерде өтеді: Саламат пенАйғаным және балалары – Шерәлі, Арсен, сондай-ақ, бірінші курс студентіГүлнәр.
Отағасы Алматы метросының құрылысына белсенді атсалысып жатқан маман, бригадир,Айғаным белгілі тележүргізуші, сондай-ақ,  туған-туыс, құда-құдағиларменішкі-сыртқы саясат сияқты барлық мәселені қадағалап отыратын ханым. Үлкен ұлыШерәлінің жасы 25-те. Ол болашағынан үміт күттіретін футболшы. Ортаншы ұлы –Ералы Кембридждің студенті, кіші ұлы Арсенді  көршілер мен мұғалімдердіңбәрі жақсы көреді, ал Гүлнәр әкесінің сүйікті қызы. Сонымен, бәрі де тамашаеді...
Алайда, күндердің күнінде үлкен ұлдары Шерәлі аяқ астынан келін әкеліп, өзі детарлық етіп жүрген пәтерде қиындық туындай бастады.
Енді Базарбаевтар отбасында кез-келген ұсақ-түйек , тіпті 1 шаршы метр жерде...ұрыс-керіске себеп болуы мүмкін. Алайда, осындай болмашы қиындықтарғақарамастан, бұл үйдің адамдары кез-келген жағдайдан жол тауып кетеді.


Бонда в лице Дэниела Крэйга мы больше не увидим

Angry birds в кино – долгожданный мультфильм 2016 года