Мақпал Жүнісованың концерті

Ақпарат

Жанр: фильм-концерт

Жоба жайлы

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Туған күніне арналған концертте елдің ерке қызы осы уақытқа дейін көптің аузында жүрген туындыларын, өнер жолына енді бет бұрған кезде салған әндерін орындайды. Әншінің сөзіне қарағанда, мерейтойлық кеш шығармашылық жолындағы соңғы шара болуы мүмкін, сондықтан Мақпал тыңдармандарына арнап нағыз мереке ұйымдастырды.

Мақпал Жүнісова – халықтың сүйіктісі, сезімтал және шын көңілден шырқайтын әнші. Үш сағаттық фильм-концерт Мақпалдың шығармашылығына бас иетін адамдар үшін сирек болатын, көптен күткен оқиға болмағы сөзсіз. Мұндай қайталанбас концертті 31 арнаның көрермендері 11 сәуір күні "Информбюродан" кейін көре алады. 

Фильм барысында Мақпал Жүнісова 50 жаста болудың қандай екендігі туралы, туған күніне гауһар тасты алқаны кім сыйлағаны, жоғары лауазымды достарының ішінде кімнің құшақ-құшақ раушан гүлдерін сыйлайтыны, концертіне кімдердің келетіні жайында айтып береді. Әншінің қандай диетаны ұстанатындығы, киім мен әшекей бұйымдар үшін қанша ақша жұмсайтыны, сонымен қатар жалғыз қызына қандай шығармашылық үміт артып отырғаны туралы айтпағы да көрермендерімізге қызықты болады деп ойлаймыз. Мақпалдың көңілінің неге қобалжығаны, бұл концерттің неге соңғы шара болуы мүмкін екендігіне қатысты сұрақтарға да жауапты осы бағдарламадан таба аласыз.

Осымен қатар, концертте Бүркіт пен Аиши, Шахизада, "Серілер" тобыТөреғали Төрали және өзге де қазақстандық эстраданың жұлдыздары қатысады.

Отбасы болып 4 сәуір күні 21:00-де 31 арнада қарайық!

В Казахстане снимают фильм о жизни «золотой» молодежи

Кайрат Нуртас сыграет отца четверых детей